Қарағанды облысында бруцеллез табылған ауылда карантин жарияланды
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Қошқар ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ірі қара малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Ақтоғай ауданы Қусақ ауылдық округі Қошқар ауылының аулаларына шектеу іс-шаралары белгіленсін, - делінген Қусақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Н.Рақымжанова қол қойған шешімде.
Құжатта көрсетілгендей, бруцеллезге байланысты мына мекенжайлар бойынша шектеу қойылды:
- Сарыарқа көшесі, 1 үй;
- Жеңіс көшесі, 32 үй;
- Бейбітшілік көшесі, 11/2 үй;
- Бейбітшілік көшесі, 5 үй;
- Наурыз көшесі, 7 үй;
- Мәдениет көшесі, 12 үй;
- Наурыз көшесі, 20 үй;
- Жеңіс көшесі, 4 үй.
Ветеринариялық-санитариялық сауықтыру және шектеу іс-шараларыҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілсін, - делінген құжатта.
Шешім 21 шілдеден бастап күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда той кортежі 13 жастағы баланы қағып кетті
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында 59 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған
Өзгелердің жаңалығы