Қарағанды облысында биыл 10 әлеуметтік кәсіпкерге 50 млн теңгеге мемлекеттік гранттар берілді

Қарағанды облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Осы бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлер 1,5 млрд теңгеге дейін жеңілдікті несиелер, айналым қаражатын толықтыруға 500 млн теңге және өтеусіз гранттар ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, биыл 10 әлеуметтік кәсіпкерге 50 млн теңгеге мемлекеттік гранттар берілді.

Әлеуметтік кәсіпкерлер әртүрлі салаларда жұмыс істейді – психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қызметтер, білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс және сауда.

Әлеуметтік кәсіпкерлікте 136 адам жұмыспен қамтылған. Өнім мен көрсетілген қызметтердің орташа жылдық көлемі шамамен миллиард теңгені құрайды, - деп хабарлады облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте кәсіпкерлік басқармасы басшысының м.а. Абзал Рахымбаев.

Жеңілдетілген несиелер мен гранттардан басқа, кәсіпкерлік басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлерге кеңес, әдістемелік ұсыныстар береді және іскери серіктестерді іздеуге көмектеседі.

Әлеуметтік кәсіпкерлерге барынша жан-жақты қолдау көрсетілуі тиіс, деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Мемлекеттік органдар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін қабылданған қолданыстағы заңнамалар мен құқықтық актілердің толық және тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет. Кәсіпкерлік басқармасы қажет болған жағдайда кейбір нормаларды жетілдіру үшін орталық мемлекеттік органға ұсыныстар жіберуге тиіс. Қалалар мен аудандардың әкімдері ресми веб-ресурстарға ақпаратты, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды тіркеу, қаржылық қолдау алу, серіктестер іздеу және жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін әлеуметтік бизнесті жүргізу бойынша қадамдық нұсқаулықты дайындауға және орналастыруға міндетті, - деді өңір басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы