4 Шілде 2024 2024, 18:41
Фото: Балық шаруашылығы комитеті
Қарағанды облысында балық шаруашылығы белсенді дамып келеді
Қарағанды облысында балық шаруашылығы белсенді дамып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысында балық шаруашылығы белсенді дамып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нұра-Сарысу бассейнінде бір ірі балық питомнигі және бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіретін бір кәсіпорын бар.
Балық өнімділігін арттыру және табиғи су қоймаларының гидробиологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін 1974 жылы Солонички станциясының жанында Қарағанды балық питомнигі құрылды.
Питомниктің негізгі міндеттері сапалы балық отырғызу материалын өндіру және су объектілерінің балық ресурстарын толықтыру болып табылады.
«Қарағанды-осетр» ЖШС 2013 жылы құрылған және 2015 жылдан бастап толық қуатында жұмыс істейді. Сібір бекіресінің аналық табыны түріндегі өзіндік биологиялық активтері бар.