Қарағанды облысында балаларды ит талап тастады: бір бала көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ит екі кішкентай балаға шабуылдады, баланың біреуі қайтыс болды. Қазір бұл факті бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады деп хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 1 сәуір күні сағат 19.00 шамасында аудандық ішкі істер бөліміне Ақтоғай ауылында ит екі баланы тістеп алғаны туралы хабарлама түскен.
Тәртіп сақшылары жеке үйдің ауласында 3 және 5 жастағы екі ұл ойнап жүргенін анықтады. Осы кезде оларға байланбаған ит шабуыл жасады.
Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Алған жарақаттарынан 3 жасар бала көз жұмды. Екінші бала ауруханада жатыр.
Бұл дерек Ақтоғай аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
#Желмая. Оразаны қандай жағдайлар бұзбайды?
Өзгелердің жаңалығы