Жеңіс Қасымбек мектепке дейінгі ұйымдардың толық қаржыландырылмау мәселесін шешуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мектепке дейінгі ұйымдардың толық қаржыландырылмау мәселесін шешуді тапсырды. Бүгінгі күні облыс аймақтарында орналастырылған мемлекеттік тапсырыс көлемі нормативке сәйкес келмейді.

"2020 жылы нормативті республикалық деңгейдегі әдістеме мен өлшемдерге сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын. Біртіндеп қаржыландырудың қажетті көрсеткішіне шығу керек", - деп тапсырды өңір басшысы.

Оның айтуынша, республика бойынша бір балаға әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс сомасы 27 502 теңгеден 33 380 теңгеге дейін өзгереді. Қарағанды облысында бұл көрсеткіш төмен: қалаларда - 20,6-дан 25,1 мың теңгеге дейін, ал ауылдық жерлерде - 10,4-тен 23,6 мың теңгеге дейін.

Мемлекеттік тапсырыс сомасын ұлғайту өңірдегі мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, облыс әкімі екі жастан бастап балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету қажеттілігін толық жабу үшін жеке балабақшаларды ашуға бизнесмендерді тарту бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін еске салды.
 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы