Қарағанды облысында автожолдардағы жағдай күрделі - ІІМ
Боран мен көктайғақ салдарынан Астана мен Алматы бағыттарын қоса алғанда, алты жол учаскесі жабық күйінде қалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz таратқан мәліметке сүйенсек, жабық учаскелерде барлығы 1418 көлік жиналған, оның ішінде: 508 жеңіл көлік, 900 жүк көлігі, 10 автобус. Бұл көліктерде барлығы 2924 адам бар.
Жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға барлық қажетті көмек көрсетілуде. Олар ыстық тамақ және ауызсумен қамтамасыз етілуде. Қажет болған жағдайда жылыту және түнейтін орындарға жеткізіледі. Қазіргі уақытта жол бойындағы кафе, мешіттер мен интернаттарға 144 адам орналастырылды, - делінген ІІМ телеграм-арнасында.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол полициясы қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыс жолдарында 35 автопатруль және 74 полиция қызметкері қызмет атқарып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркияда 22 қаңтар ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Өзгелердің жаңалығы