Қарағанды облысында ауыр қылмыс жасаған 40 адам ұсталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысында арнайы операция барысында 40 адам ұсталды. ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК-нің 5 департаментімен бірлесіп, ұзақ уақыт бойы Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға теріс әсер еткен қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді. Көшбасшы мен топ мүшелері арасында әрқайсысының рөлдерін бөлетін нақты басшылық құрамы болған. Құпия сақтық шаралары қатаң сақталған, - деп атап өтті ведомтво өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Сонымен қатар ол топ мүшелерінің бірқатар қылмысқа қатысы бар деп отыр. 

Арнайы және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған өңірдің ірі өнеркәсіптік объектілерінде, оның ішінде «Арселлор Миттал Теміртау» АҚ-да тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлаудың көп деңгейлі жүйесі ашылды. Топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы анықталды. Бұл: бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық. Арнайы операция барысында 100-ден астам тінту жүргізілді. 9 бірлік атыс қаруы, гранатомет, тротил, гранаталар, құжаттама және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, ірі ақша сомасы, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ тыңдауға арналған техникалық құралдар тәркіленді, - деді ІІМ өкілі. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ел бойынша жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы