1 Қазан 2025 2025, 17:56
Фото: pixabay.com
Қарағанды облысында алғашқы қар жауды
Қарағанды облысында алғашқы қар жауды
Қазақстанның бірқатар өңірінде күн салқындап, алғашқы қар түсе бастады. Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында да қар жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Желіде Қарашоқы ауылының тұрғындары түсірген бейнежазба тарады.
Міне, бізде қыс түсті. Қар... Қыс... Кәдімгідей омбы қар. Нағыз қансонар – дейді ауыл тұрғыны видеода.
Синоптиктердің мәліметінше, облыста алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады.
Айта кетейік, қыркүйек айының соңынан бастап Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде алғашқы қар жауған болатын.
Енді міне, Орталық Қазақстанда да қыс белгілері байқала бастады.