Қарағанды облысында 900 мың гектар алқаптан астық жиналады
Қарағанды облысында 909 мың га алқаптан астық өнімі жиналмақшы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жекелеген шаруашылықтар жұмысқа кірісіп кетті, жаппай жинау науқаны қыркүйектің басында басталады.
Алдағы жоспарлар туралы аппараттық кеңесте Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов хабарлады.
Биыл дәнді дақылдар жинау алаңы 909,3 мың га құрайды, оның ішінде бидай – 766,6 мың га. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы құрылымдары 34,9 мың га алқапта майлы дақылдарды, 11 266 га – картоп, 979,3 га – көкөніс жинауы тиіс, – деп атап өтті Сырым Бошпанов. – Бүгінде Абай, Бұқар Жырау және Нұра аудандарының жекелеген шаруашылықтары егін жинау жұмыстарына кірісті. Облыс бойынша жаппай егін жинау науқаны қыркүйектің басында басталады деп жоспарланып отыр, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Алдын ала болжам бойынша орташа өнімділік 9,8 ц/га құрайды. Фермерлер 887,9 мың тонна астық, оның ішінде 749 мың тонна бидай жинауды жоспарлап отыр.
Егістікке 2 мыңнан астам астық жинайтын комбайн шығады. 3500-ден астам техника комбайндар астынан астық жинауға жұмылдырылады.
Шаруаларға 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Облыста астықты сақтауға арналған сыйымдылықтар да жеткілікті. Олардың барлығы жаңа егін жинауға дайын.
Өңір басшысы ауыл шаруашылығы басқармасына, аудан әкімдеріне ауыл шаруашылығы дақылдарын уақтылы және қалдықсыз жинауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Егін жинауға қатысатын ауыл шаруашылығы техникасын толық дайындау қажет және арзандатылған дизель отынын уақтылы жеткізілуі керек. Астықты қабылдау пункттері мен кептіру бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар тәулік бойы жұмыс істеуі тиіс. 2025 жылы отырғызуға қажетті тұқым мөлшерін қамтамасыз етіңіздер. Егістіктерді күзгі азықтандыру үшін минералды тыңайтқыштарды сатып алу бойынша алдын ала жұмысты ұйымдастыру керек, – деді әкім.