Қарағанды облысында 4 айда экспорт 2,3 млрд теңгені құрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, өңірде экономиканың негізгі салалары тұрақты жұмыс істеп жатыр.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5 айдың қорытындысы бойынша 102,3% деңгейінде қалыптасты. Президенттің тапсырмасы бойынша облысты 2 өңірге бөлу жүріп жатыр. Бүгін облыстар бөлінгенге дейін 5 ай бұрынғы нақты сандарды айтамын. 5 ай ішінде өнеркәсіп өндірісі 2,1%-ға өсіп, 2,1 трлн теңгеге жетті. Жыл соңына дейін өсудің оң қарқынын сақтау жоспарлануда. Биыл қаңтар-сәуір айларында экспорт көлемі 13,7% өсіммен 2,3 млрд долларды құрады, - деп атап өтті өңір басшысы.
Сонымен қатар ол экспортағы проблемаларға да тоқталды.
Арселор Миттал Теміртау өнімдерінің экспорты бойынша мәселелер бар. Оның шикізаттық емес экспорттың көлеміндегі үлесі бүгінде 35%-дан асады. Осы жылдың көктемінен бастап Ресей Федерациясына өнімдерді жеткізу бойынша қиындықтар туындады. Алайда кәсіпорын Еуропа елдеріне, соның ішінде Транскавказ дәліздерін пайдалана отырып, жаңа нарықтарды игеру мен өнімдерді жөнелту бағыттарын игеруде. Жыл қорытындысы бойынша экспорттың оң серпіні сақталады, - деді Жеңіс Қасымбек.