Қарағанды облысында 35 ауылдық мектеп жаңартылады

Қарағанды облысы қала және ауыл оқушылары үшін білімге тең жағдай жасауға ұмтылуда. Биыл 35 ауылдық мектепті жаңғырту жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күрделі және ағымдағы жөндеулер пәндік кабинеттерді, жиһаздарды жаңартуды, кітапханаларды, асханаларды және қауіпсіздік жүйелерін жақсартуды қамтиды.

Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы аппараттық кеңесте білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова баяндады.

Ол биыл бірінші сыныпқа 16 мыңға жуық бала баратынын хабарлады. 420 мектепте 172 мыңнан астам оқушы оқиды.

Бірінші қыркүйекте "Күнгей" шағын ауданында 600 орындық жаңа мектеп ашылады. Сонымен қатар қалада 380 орындық үш жаңа жеке мектеп құрылды.

Сондай-ақ қыркүйек айында Бұқар Жырау ауданының Новостройка ауылында апатты жағдайдың орнына салынып жатқан 150 орындық мектеп пайдалануға беріледі.

Мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жалғасуда. Биыл 65 жоспарланған, оның 36-сы аяқталды.

Әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп құралдарын алуға көмек беріледі. Басқарма басшысының айтуынша, жалпыға бірдей білім беру қорынан 12 мың оқушы мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі.

Барлық бастауыш сынып оқушылары мектептерде тегін тамақтана алады. Жалпы саны 77 мыңнан астам бала.

Гүлбақыт Жүнісова мектепке дейінгі білім туралы да хабардар етті. INDIGO.kz ақпараттық жүйесі арқылы бүгінгі таңда балабақшаларға 5 мыңнан астам бала қабылданды. Жыл соңына дейін облыс бойынша Қарағанды, Шахтинск, Қарақаралы және Шет аудандарында 505 орындық тоғыз мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда.

Кәсіптік білім беруде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды ашуға баса назар аударылды. Мемлекеттік тапсырыс көбейді, оның басым бөлігі техникалық мамандықтарға – металлургия, машина жасау, IT, құрылыс, көлік және т. б. бағытталды.

Биылғы жылы 257 білім беру нысанын жөндеуге қаражат бөлінді. Жұмыс оқу жылының басында аяқталуы керек. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барлық жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтап, сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Өңір басшысы жаңа оқу жылына дайындықты аяқтау жөнінде тапсырма берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы