Қарағанды облысында 19 мың метр кубтан артық еріген су сорылды
Қарағанды облысының аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай - Нұра су қоймаларынан су ағызудың ұлғаюына байланысты, елді мекендерде біліктерді нығайту және қаптарды төсеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Тұрғын алаптардың су басуына жол бермеу мақсатында 19 мың метр кубтан астам еріген су сорылды. Елді мекендерде 52955 қап төселіп, 60 тонна инертті материалдар құйылды.
ТЖД, ПД, ҚМ, ЖАО және ұйымдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп күзетінде: ІІО-ның 4,5 мың қызметкері құтқару жұмыстарына жұмылдырылды
Келесі жаңалық
Елордалық әскери бөлімнің жас сарбаздары ант берді
Өзгелердің жаңалығы