Қарағанды облысында 17 мобильді бекет қойылды

Қарағанды облысында мал ұрлығын кәсіп қылған бірнеше қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың оннан астам қылмысқа қатысы дәлелденген. Соның бірі Ақтоғай ауданында. 4 адамнан құрылған топ жедел іздестіру барысында ұсталды, жетекшісі қамауға алынды. Полицейлердің айтуынша, өңірде бұл қылмыс күзде өршиді. Төрт түлікті айдап әкету қазіргі күздік пен соғым уақытында көбейеді. Ұрылар етке сұраныс артқан уақытта пайдаға кенелгілері келетін көрінеді. Жыл басынан бері 25 дерек тіркелсе, оның 10-ы ашылған. Бүгіннен бастап облыс аумағынан өтетін республикалық және жергілікті тас жолдарға, сондай-ақ өзге облыстармен шектесетін жерлерге көшпелі мобильді бекеттер қойылды.

Олардың мақсаты – ет өнімдерін таситын көліктерді тексеру және құжаттардың талапқа сай болуын қадағалау. Осы уақыт жайылым мал ұрлығы көп болады. Сондықтан мобильдік топ осы қылмыстардың алдын алу жұмысын жасайды, - дейді облыстық полиция департаменті КПБ бөлім басшысы Қуат Мақашов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы