Қарағанды облысында 16 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады
Қазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау науқаны аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысында 17 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бірінші сыныпқа 16 403 бала қабылданды. Бірінші сынып оқушыларының 53 % (7772 адам) мемлекеттік тілде оқуға шешім қабылдады, - делінген Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Білім министрлігінің хабарлауынша, ел бойынша барлығы 400 мыңға жуық өтініш берілген. Бірінші сынып оқушыларының көпшілігі Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдаудың пайызы жоғары өңірлер Қызылорда (89,6 %), Ұлытау (86,6 %), Маңғыстау (86,2 %), Жамбыл (80,4 %) облыстары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада «Мектепке жол» акциясы басталды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы