Қарағанды облысында 150 мыңға тарта оқушы жазғы лагерьлерде демалады
Қарағандылық жасөспірімдер жазғы демалыстарын қала сыртындағы, мектеп жанындағы лагерьлерде және бейінді алаңдарда өткізе алады, деп жазады Қарағанды облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл жайында облыстық білім басқармасы хабарлады.
Қарағанды облысында барлығы 10 қала сыртындағы лагерь бар. Оның алтауы мемлекеттік, төртеуі жекеменшік. Білім басқармасының мәліметінше, биыл осы лагерлерьде жеті мыңға тарта бала демалмақ. Оның ішінде 500 ауыл баласы «Қазақстан халқына» қорының есебінен «Салют» сауықтыру лагерінде және Назарбаев университеті жанынан құрылған лагерьде демалыстарын өткізетін болады.
Мектеп жанындағы лагерьлер 289 мектепте құрылып, онда отыз мың бала демалыстарын өткізсе, 293 мектепте бейінді алаңдар ұйымдастырылып, тоқсан мыңға тарта баланың демалысы қамтамасыз етілмек. Биыл облыста алғаш рет арнайы мектеп-интернаттардың базасында ерекше балаларға арналып сауықтыру легерлері ұйымдастырылады. Оларда 360 бала жазғы демалысын өткізетін болады. Жыл сайын балалар үйінің тәрбиеленушілері де лагерьлерде демалады. Қазіргі уақытта облыста 5 балалар үйі бар, оларда ата-ананың қарауынсыз қалған 386 бала тәрбиеленуде. Осы балалар да лагерьлерде демалыстарын өткізетін болады, - дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Галина Абишева.