Қарағанды облысында 15 жастағы оқушы суға батып кетті
Қарағанды облысында қайғылы жағдай орын алды. Нұра өзеніне 15 жастағы қыз бала суға батып, қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы жағдай бүгін түс кезінде орын алған. Сыныптастарымен бірге өзен жағасына демалуға шыққан жасөспірім Егінді елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта Нұра өзеніне суға кеткен.
Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне 15 жастағы қыздың суға батқаны жайлы хабарлама келіп түсті. 13 сағат 25 минутта оқиға орнына үш құтқарушы жолға шықты. 19 сағат 45 минутта құтқарушылар 2008 жылғы қыз баланың денесін судан тапты, - деп хабарлады ТЖ департаменті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлері ант берді
Өзгелердің жаңалығы