Бүгiн 2026, 04:36
Қарағанды облысында 10 жастағы баланы тоқ соқты
Бұл қаражат кемелердің стратегиялық аймақтағы инфрақұрылым мен түрлі қызметтерді пайдалануына байланысты алынатын төлемдер есебінен түседі.
Қарағанды облысының Долинка кентінде 10 жастағы баланы тоқ соқты. Салдарынан бүлдіршін жансақтау бөліміне түсті.
Туыстарының айтуынша, бала ойын алаңының қасындағы жоғары вольтты электр желісінің темір бағанына шыққан. Сол жақта оны тоқ соққан.
Қайғылы жағдай Заводской көшесінде болған. Зардап шеккен баланың әпкесінің айтуынша, оның інісі Сергей кернеуі 6000 вольт болатын электр желісінің темір конструкциясына өрмелеп шыққан. Салдарынан баланы тоқ соғып, ол биіктен құлап кеткен.