Қарағанды облысында 1-сыныпқа түсу үшін 17 мың өтініш қабылданды
Елімізде балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау аяқталды. Қарағанды облысында болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 17 мың өтініш берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құжаттарды қабылдаудың 4 айында 17 мың өтініш қабылданды, оның 82%-ы электронды форматта. Балалардың 53%-ы қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылданды. Қазақ тілінде білім алатын сыныптардың басым бөлігі Ақтоғай (94,6 %), Қарқаралы (88,5 %), Шет (88,2 %) аудандарында және Приозерск (78,8 %) пен Балқаш (76%) қалаларында, – деп хабарлады білім басқармасынан.
Ең көп бірінші сынып оқушылары Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы және Шет аудандарында болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорда облыстық ПД бастығы жаңадан тағайындалды
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы