Қарағанды облысы ТЖД күштері Ақмола облысына келді

Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Ақмола облысының Жібек Жолы кентінің 6 және 7 шағын аудандарында су басу қаупі туындауы мүмкін болғандықтан, жеке құрамның 30 адамы мен 1 бірлік техникадан тұратын күштер мен құралдар жіберілді.

Қаптарды төсеу және үйінді білігін нығайту бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы