Қарағанды облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы келді
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тілектес Темірбекұлы Досаев конкурстық іріктеу арқылы Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Тілектес Досаев 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппаратында, одан кейін Қарағанды облысы әкімінің аппаратында бас маман, бөлім басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
2009 жылдан 2015 жылға дейін Шахтинск және Приозерск әкімдерінің орынбасары болды, Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлімін басқарды, Қарағанды облысының құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары басшыларының орынбасарлары лауазымдарын атқарды.
Содан кейін Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын басқарды.
2017 жылдан 2023 жылға дейін Қаражал қаласының әкімі болып жұмыс істеді.
2023 жылдың тамыз айынан бастап осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі болды.