Қарағанды облысы Абай қаласында жедел желі іске қосылды

Үйі жылымай жатқандар қоңырау шалып, шағымын айта алады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Аяз күшейгелі тұрғын үйлерге берілетін жылу температурасы күрт төмендеп кетті-дейді тұрғындар.  Осыған байланысты қалада арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән – жайын анықтауға кірісті. Желі іске қосылғалы, шақырту бойынша 40 үйде тексеру жүргізілген. 

Коммуналдық сала мамандарының сөзінше, үйішілік құбыр желілерінде ақау көп. Қаланы  «Топар»  жылу электр станциясы жылумен қамтамасыз етеді. Мекеменің балансындағы құбырладардың 90 проценті әбден ескірген. Жүйені толық модеринизациялауға 20 миллиард теңге қажет. 

Үйдегі температура 15-17 градус. Кейде түсіп кетеді, күн желді болса. Үй салқын, жылытқыш қосамыз, бірақ дұрыс жылынбайды. Себебін комиссия келіп таппады,  - дейді Абай қаласының тұрғыны Әсет Жақсылықов

20 км жерден келеді. Ондай жоба еш қалада жоқ. Бар қалада ТЭЦ қала іргшесінде. Қандай температура берсе сол келеді. Ал, бізге ГРЭСтен 95,5 жібереді, мында желді күндері 70-73 градус қана келеді. 20 градус жоғалтамыз. Ол шеткі үйлерге жеткенше тағы жоғалтамыз, - дейді «Абай жылу жүйелері» ЖШС директоры Жақия Ыдырысов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы