Қарағанды мен облыс тұрғындарына электр энергиясы берілді
Қарағанды мен облыс тұрғындарына біртіндеп жарық беріле бастады, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін таңертең 10 сағат 12 минутта Қарағанды қаласы мен облыс тұрғындарының жартысы жарықсыз қалды. Қала мен облысты электр энергиясымен қамтамасыз ететін ЖЭС-3 пен Топар электр стансасындағы апат салдарынан кейбір аудандарда су болмады, ұялы байланыс дұрыс жұмыс істемей, интернет желісінің жұмысында да ақаулар орын алды. 12 сағат 40 миниттағы ақпарат бойынша қала халқына толық электр энергиясы берілді. Аймақтың басқа да аудандарына жарық біртіндеп беріліп жатыр.
Электр энергиясы бойынша қаладағы жағдай тұрақты. Жарық берілді, - деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Сәдуақасова.
Қарағанды халқы шамамен 2 сағаттан астам уақыт жарықсыз, сусыз, ұялы байланыссыз және интернетсіз отырды.
28 қыркүйекте электрмен жабдықтаудың апатты ажыратылуына байланысты “Қарағанды СУ” ЖШС су құбыры сорғы стансалары электо қуатынсыз жұмыс істемеді. Электрмен жабдықтау қайта басталған кезде су құбыры сорғы стансалары қайта іске қосылды, - дейді “Қарағанды СУ” компаниясының баспасөз хатшысы Марина Богдан.
Қаланың электр желісіндегі технологиялық апаттың себептері анықталып жатыр.
Еске сала кетсек, Қарағандыда ЖЭО-3-те апат болып, қаланың жартысы жарықсыз қалғанын болатын. Атап айтқанда Әлихан Бөкейхан атындағы, Қазыбек би, Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс ауданы, Қарқаралы және Бұқар-Жырау аудандары электрмен жабдықтаусыз қалды.
Қазір энерго жүйесін қалпына келтірілді.