Қарағанды ​​маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Қарағанды облысының Қарағанды маңында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қараша сағат таңы 6.15-те Қарағанды облысының Қарағанды – Сұрыптау-Ақадыр учаскесінің 767 Қарабас – ОП аралығында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті.

Компания өкілдері учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке меншікке тиесілі вагондарда ақау болғандықтан, рельстен шығып кеткен, – делінген "Қазақстан темір жолы" ҰҚ АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.

Жағдайдың мән-жайын тексеру үшін "ҚТЖ" ҰК АҚ арнайы комиссия құрды.

Сондай-ақ компания апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылғанын мәлім етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы