Қарағанды іргесіндегі орманда өрт шықты
Орман мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығының 50 орманшысы Тихоновка орманындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Қарағанды облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Өрттің шығуына балалардың орманда от жағуы себеп болуы мүмкін.
Бүгін Қарағанды іргесіндегі Тихоновка орманында өрт шықты. Орманшылар дер кезінде қимылдап, өрті сөндіріп алды. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бүгін Тихоновка орманында балалар от жаққан. От орманға таралып 900 гектар аумақты өрт шалған. 50-ге тарта орманшы өрті өшірді.
Тихоновка орманында өрт болды. Мұны әдейі жаққан. Орманнан 3 кішкентай бала шықты. Солар жақты ма деп отырмыз. От екі жерден жағылған. Егер де өрт өзі жанса ол көрініп тұрады. Ал бұл жерде екі жерден от жағылғаны көрініп тұр. Сондықтан да, ата-аналар, тұрғындар балаларды орманға үлкендердің қарауынсыз жібермеңіздер. Балалар ештеңені түсінбейді, білмейді. Міне, бүгін мерекеде бізде демалыс жоқ. Орманды өрттен алып қалдық, - дейді орманшы Раушан Шөменова.
Орман мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы орманда от жағуға тыйым салынғандығын айтады.
Еске слаайық, маусым айының басында Семей орманында өрт шығып, тілсіз жау 15 адамның өмірін, 60 мың гектар орман алқабын жалмады.