Қарағанды – Балқаш тас жолы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі
2019 жылдан бастап созылып келе жатқан «Қарағанды – Балқаш» тас жолының қалған 200 шақырымға жуық учаскесі жыл соңына дейін толық ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазір асфальт төсеу жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта қоршаулар, қосымша инфрақұрылым салынуда. Халықаралық логистикалық маңызға ие күре жолдың «Қарағанды – Балқаш» учаскесі 363 шақырым. Әзірге тек 173 шақырымында ғана 4 жолақ бойынша көлік қатынасына рұқсат берілген. Жолдың сапасы зертхана мамандарының назарында. Биылдың өзінде 124 рет тексеріске шығып, анықталған олқылықтар уақытылы жөнделген.
Қазіргі таңда 363 км жолдың 173 км аштық. Қалғанын айдың соңына дейін ашамыз. Ауа райына байланысты жұмыстар кешігіп жатыр. Бірақ асфальт жұмыстары емес, реттестіру жұмыстары, - дейді "Қазавтожол" ҰК" ҚОФ директорының орынбасары Айбек Амантаев.
«Қарағанды-Балқаш» тас жолында апат жиі болады. Көбіне қайғылы жағдайларға жүргізушілердің екі жолақты учаскелерде қарсы бетке шығып кетуі себеп. Биылдың өзінде 79 жол апаты болып, 47 адам қайты болған.