11 Тамыз 2026, 03:37 Фото: Қазавтожол

Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал бағыты ең көп пайдаланылған ақылы жол болды

Үш жаңа ақылы жолдың бір айлық статистикасы белгілі болды.

Қазақстанда жақында ақылы режимге көшкен үш автожол учаскесімен бір ай ішінде 528 мыңнан астам көлік жүрген. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәлімдеді.

Компанияның мәліметінше, ең жоғары көлік ағыны "Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал" автожолында тіркелген.

Бір ай ішінде үш ақылы учаскедегі қозғалыс көлемі:

Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – 290 мың көлік;
Талдықорған – Өскемен – 181 мың көлік;
Бұрылбайтал – Күрті – 58 мың көлік.

Осылайша, Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал бағыты жалпы көрсеткіштің шамамен 55 пайызын құраған.

Еске салайық, "Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал" және "Бурылбайтал – Күрті" жол учаскелерінде ақылы жүйе 10 шілдеден, ал "Талдықорған – Өскемен" бағытында 11 шілдеден бастап жұмыс істей бастады.

"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, үш жаңа ақылы жолдың ішінде ең жоғары жүктеме Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал тас жолына түскен.