Қарағанды айналма жолының ақысы қанша болмақ

Бұл туралы Көлік министрінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрығында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатқа сәйкес, ұзындығы 48 шақырым ақылы автомобиль жолмен жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері көліктердің санатына қарай мынадай сома болмақ:

- жеңіл көліктер үшін алдын ала төлем жасалғанда 260 теңгені, кейіннен төлем жасалғанда 300 теңге;

- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 650 теңгені, кейіннен төленгенде 760 теңге;

- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 280 теңге, кейіннен төленгенде 1 500 теңге;

- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 910 теңге, кейіннен төленгенде 2 250 теңге;

- жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 2 570 теңге, кейіннен төленгенде 3 020 теңге;

- жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын ала төлем жасалғанда 3 200 теңге, кейіннен төленгенде 3 760 теңге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ temeentiy
Өзгелердің жаңалығы