"Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз" автожолында су тасқыны болды

ТЖМ Қарағанды облысындағы су тасқыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 наурызда сағат 17:50 шамасында ауа райының тез жылынуы мен қардың еру салдарынан "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз" автожолының 23+800 шақырымында су тасқыны болды (жақын елді-мекен Көкпекті ауылы, Бұхар Жырау ауданы, Қарағанды облысы). Жол ІІІ санатқа жатады, су тасқынның ұзындығы 30 метрді, биіктігі 5 см құрады. Аталған учаскеде диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орналасқан, - делінген хабарламада.

"ҚАЖсервис" ЖШС ҚӨФ ДЭУ-46 мамандары уақытша жол белгілері мен сигналдық тіректерді орнату бойынша жұмыстарды атқарды. Аталған шараға 2 техника мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды.

Жолдарды су басу қаупі бар жоғары аумақтарда тәулік бойы бақылау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жолды шайып кету қаупі мен қозғалыс шектеулері жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы