Қарағанды автобустарында «Жолда қазақ тілін үйренеміз» жобасы жұмыс істейді

«Шырақ» тіл орталығы осы жылдың маусым айында Қарағанды автобустарында қазақ тілі бойынша бейнесабақтар ұйымдастырды. Оның қызметкерлері тілдерді оқыту бойынша тегін курстар өткізіп қана қоймай, әлеуметтік жобалармен де айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақ тілін жолда үйренеміз» жобасы 2023 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.

Мемлекеттік тілді үйренуге арналған арнайы әзірленген бейнероликтер қала орталығындағы экрандарда және Оңтүстік-Шығысқа, Федоровкаға, Михайловкаға, Майқұдық, Пришахтинск, Сұрыптауға баратын жолаушылар автобустарында көрсетіледі. Мұндай бейнесабақтарды теміржол вокзалында, автовокзалда және әуежайда іске қосу жоспарда бар, – деп хабарлады тіл үйрету орталығы.

«Шырақ» бір жыл бұрын ашылды, Осы уақыт ішінде тілдік курстардан 793 адам өтті (539 – қазақ тілін және 254 – ағылшын тілін оқыды). Сабақтар онлайн және офлайн форматта өткізіледі.

Сонымен қатар, курстарға 50-25-15 телефоны бойынша жазылуға болады.

Орталық Қарағанды, Мұстафин көшесі, 6/4 мекенжайында орналасқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы