9 Шілде 2026, 20:57 Фото: ЖИ көмегімен салынған

Қарағанды – Астана тасжолында жүк көлігі аударылып қалды

Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

9 шілде күні таңертең Қарағанды – Астана автожолында КамАЗ көлігі апатқа ұшырады.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06:30 шамасында Қарағанды бағытына астық тиеп келе жатқан КамАЗ жүк көлігінің 39 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.

Соның салдарынан жүк көлігі жолдың қоршау тосқауылына соғылып, кейін тіркемесі аударылып қалды. Көлікке айтарлықтай механикалық зақым келгенімен, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, – деп хабарлады полиция.

Аталған жол-көлік оқиғасы полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.