10 Наурыз 2025 2025, 22:28 Фото: скрин

Қарағанды – Астана тасжолында 500 көлік тұрып қалды

Қарағанды облысында қатты боран салдарынан полиция қызметкерлері республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолдарда қозғалысты уақытша шектеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысында қатты боран салдарынан полиция қызметкерлері республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолдарда қозғалысты уақытша шектеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды – Астана тасжолында қозғалыс шектелгендіктен, шамамен 500 көліктен тұратын кептеліс пайда болды. Осындай жағдай Қарағанды –Балқаш тасжолында да орын алды, онда 50-ден астам көлік жиналып қалды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция көліктер легін қауіпсіз алып жүруді ұйымдастырды.