18 Қараша 2022 2022, 11:30

Қарағанды – Ақадыр учаскесінде пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді

Арнайы комиссия болған оқиғаға тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Арнайы комиссия болған оқиғаға тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қарағанды – Ақадыр учаскесінде пойыздар қозғалысының қалпына келтірілгендігін мәлімдеді. Бұл туралы Elorda.info жазды.

21 сағат 03 минутта Қарағанды облысының Қарағанды – Ағадыр учаскесінің Қарабас аралығында вагондар жолдан шығып кеткеннен кейін үзілген пойыздар қозғалысы қайта басталды. 

Бұрын хабарланғандай, бұл аралықта 6 сағат 15 минутта жүк вагондарының жолдан шығып кетуі орын алған болатын. Соның салдарынан учаскеде қозғалыс тоқтатылған еді. 

Компания жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. 

Арнайы комиссия болған оқиғаға тексеріс жүргізуде.