Қарағанды – Алматы жолында бес көлік соқтығысты
Жүргізушілер жол қозғалысына қойылған шектеуді елемей, жабық учаскеге шығып кеткен.
Қарағанды облысының «Астана – Қарағанды – Алматы» республикалық жолында жол апаты болып, бес көлік соқтығысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2026 жылғы 10 наурыз сағат 15:00 шамасында республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды (айналма жолы) – Алматы» автожолының 250-шақырымында, Қарағанды – Ақсу-Аюлы бағытындағы жол учаскесінде, Атамекен ауылы маңында бес көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұған дейін ауа райының күрт нашарлауына байланысты (ұйытқыған қар, боран, екпінді жел, көріну деңгейінің төмендеуі) сағат 10:40-тан бастап аталған автожол учаскесінде барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілген болатын. Соған қарамастан, аталған көлік құралдары жол қозғалысына қойылған шектеуді елемей, жабық учаскеге шығып кеткен, - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі.
Жол қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде көлік жүргізушілері орнында болмаған. Сонымен қатар кейбір көлік құралдарында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ болған.
Еске салайық, бұған дейін Астана – Қарағанды жолында бірнеше көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты.
- Нұртөре Жүсіп: «Қоғамды өзгерткің келсе, алдымен өз балаңды тәрбиеле» 13:18
- Air Astana-дан 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырғандар ісі бойынша үкім өзгеріссіз қалды 12:14
- Ақмола облысында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді 11:48
- Астанада қоғамдық орындарды таза ұстауға арналған профилактикалық рейд өтті 11:34
- «Семей орманы» резерватындағы ірі орман өрті оқшауланды 10:51
- Венесуэла жер сілкінісінен кейінгі қалпына келтіруге қаржы алды 10:15
- «Ақылды» балмұздақ: Түркістан облысында балаларға ерекше тәтті таратылды 09:46