Бүгiн 2026, 00:30
Фото: freepik
Қара теңіздегі танкерге шабуыл халықаралық құқықты бұзады – Түркия СІМ
Түркия халықаралық құқық аясында экономикалық мүдделерін қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға құқылы.
Түркия Сыртқы істер министрлігі Қара теңізде Altura танкеріне жасалған шабуыл халықаралық құқықты бұзып, теңіз қатынасына қауіп төндіреді деп мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Онджу Кечели мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Шабуыл Сьерра-Леоне туымен жүрген, Түркияға тиесілі танкерге жасалды. Ол шикі мұнай тасымалдайтын. Кечели мұндай әрекеттер аймақтағы өмірге, мүлікке, теңіз қатынасына және экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіреді деді.
Түркия халықаралық құқық аясында экономикалық мүдделерін қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға құқылы. Қажетті тексерулер мен техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Танкерде болған 27 турік экипажы мүшесі зардап шеккен жоқ.
Түркияның көлік министрлігінің мәліметінше, танкер Босфор бұғазының кіреберісінен 24 км жерде басқарылмайтын қайық шабуылына ұшырап, машиналық бөлім зақымданғанымен, адам шығыны болмаған. Танкер Новороссийскіден Стамбулға 140 мың тонна мұнай тасымалдай жүріпті.