Қара теңіздегі мазут төгілуінен жүздеген дельфин қырылды

Краснодар өлкесі жағалауындағы Керчь бұғазында мазут төгілгеннен кейін бір жыл ішінде 688 дельфиннің өлексесі табылды. Бұл туралы су сүтқоректілерін құтқарумен айналысатын «Дельфа» ғылыми-экологиялық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, дельфиндердің жаппай қырылуы төгіндіден кейінгі алғашқы айда күрт артқан. Экологиялық апаттың салдары алдағы бірнеше жыл бойы сезілуі мүмкін. Олардың қатарында түрлі аурулардың көбеюі, өлім-жітімнің артуы және токсиндердің жиналуына байланысты көбею деңгейінің төмендеуі аталады.

Сонымен бірге ұйым өкілдері жағалаудан табылған барлық дельфиндер тікелей мазут салдарынан өлді деуге болмайтынын атап өтті. Дельфин өлімінің өсуі цетакандардың маусымдық жағаға шығу кезеңінде және күз айларында да тіркелген.

Айта кетейік, 2024 жылдың 15 желтоқсанында Керчь бұғазында «Волгонефть-212» және «Волгонефть-239» танкерлері дауыл кезінде апатқа ұшырап, шамамен 2,4 мың тонна мазут теңізге төгілді. Танкерлер жалпы 9,2 мың тонна отын тасымалдаған. Апат салдарынан бір теңізші қаза тапты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы