Қара майор туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Ауған соғысының аты аңызға айналған ардагері Қара майор – Борис Керімбаев туралы деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Премьераны ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Деректі фильм Ауған соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-ші жасақ командирі, отставкадағы полковник Борис Керімбаевтың тағдыры туралы баяндайды.

«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында: «Халықтың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Біздің даңқты батырларымыз тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша еліктегі лайық тұлғалар», деп атап өтті. Қазақстандық кинематографистердің полковник Борис Төкенұлы Керімбаевқа арналған бүгінгі жобасы осы бағытта жаңалық болуы тиіс», - деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Фильмнің сценарийін және режиссерлері қызметін Әсет Ерназаров пен Ғазиз Насыров атқарған.

«Ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Біздің жерлестеріміз батылдық, ерлік және жолдастық өзара көмек көрсете отырып, өздерінің әскери борышын орындады. Бүгін, отыз жыл өткеніне қарамастан, алыс Ауған соғысы туралы естеліктерді және сол қорқынышты соғыс оқиғаларын жылдар да, қашықтықтар да өшіре алмайды. Сондықтан, біз бұл адамдарды білуге, есте сақтауға және құрметтеуге міндеттіміз, - деді картинаның режиссері Ғазиз Насыров.

Фильм көрсетіліміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Парламент депутаттары, қоғамы қайраткерлері,сондай-ақ "Қазақфильм"киностудиясының түсірілім тобы мен өкілдері қатысты.

«Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарған Борис Түкенұлы Керімбаевтың өмірі мен қызмет жолына және ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Жизнь специального назначения» фильмі келер ұрпақ үшін ерекше туынды болары сөзсыз. Аты аңызға айналған, күллі ТМД елдеріне есімі мәлім Борис Түкенұлының осыдан бірнеше ай бұрын ғана 71 жасында бақилық болды» - деді ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.


Деректі фильм көрсетілімінен соң Ауған соғысының ардагерлері фильм жасаушыларға оларға көңіл бөліп, оған қатысқан оқиғалар туралы естеліктері үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, олар командир Борис Керімбаев пен Ауғанстандағы қызметі туралы естеліктерімен бөлісті, сондай-ақ болашақ ұрпақ бейбіт аспан астында өмір сүретініне үміт білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы