"Қара" кортеж қатысушысы кешірім сұраған видео пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы "қара кортежге" қатысушылардың бірі елорда тұрғындарынан жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады. 

27 жастағы KIA жүргізушісі видео арқылы жасаған үндеуінде өкінетінін айтып, жазаны мойнымен көтеруге дайын екенін мәлімдеді.


5 қаңтарда Instagram әлеуметтік желісінде әкімшілік тәртіп бұзу дерегі бойынша видео пайда болды. Онда қара түсті KIA автокөлігінің жүргізушісі "Хан Шатыр" СОО тұрағынан 15 автокөліктің кедергісіз шығу мақсатында Тұран даңғылының жүру бөлігін жауып тастаған. Полиция қызметкерлері бұл бейнежазбаны зерттеп, кортеждің барлық қатысушысын анықтау бойынша шаралар қабылдады, - деді елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Қазіргі кезде 15 жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 614-бабы, 1-бөлігі және 590-бабы, 5-бөлімі, 10-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. 

KIA автокөлігінің 1992 жылғы жүргізушісі Мубараков Ташбулатхон Марифхажанұлы бұған дейін де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін және "Сергек" камералары тіркеген құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - делінген хабарламада. 

Полиция өкілдерінің айтуынша, кортежге қатысқан барлық адамның автокөліктері коммуналдық тұраққа қамалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы