Қар жауып, көктайғақ болады»: 22 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" 22 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысында түнде және таңертең қар жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Түркістанда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте қар жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман болады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қар жауады.

Қарағанды облысында қар, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Қарағандыда кей уақыттарда қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскеменде тұман түседі.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Қызылордада жолдарда көктайғақ болады.

Жамбыл облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Таразда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оралда да тұман, көктайғақ болады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pexels.com
Өзгелердің жаңалығы