Қар, жаңбыр, жел: Қазақстанда сенбі күні ауа райы қандай болады?
Елімізде 24 қаңтар, сенбі күні жауын-шашынды және қолайсыз ауа райы сақталмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады. Елдің оңтүстік-батысында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Сонымен қатар, республика бойынша тұман, жергілікті бұрқасын, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында тұзды мұздақ, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде желдің күшеюі болжануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы