Бүгiн 2026, 04:27 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қар, жаңбыр, тұман: Республика бойынша дауылды ескерту жарияланды

Жолдарда көктайғақ пен төменгі боранға байланысты сақтық қажет.

«Қазгидромет» РМК бүгін, 7 наурызда бүкіл Қазақстан аумағында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, елдің көптеген өңірлерінде қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ күтіледі.

Астана: түнде аздаған қар, күндіз жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ; оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с.

Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Қостанай: қар, боран, көктайғақ, тұман; жел 15-25 м/с.

Жетісу, Алматы, Абай, Түркістан, Жамбыл, ШҚО: таулы және таулы-беткей аймақтарында тұман, көктайғақ; жел 15-20 м/с.

Маңғыстау, Атырау, Павлодар, БҚО, СҚО: тұман, аздаған қар немесе жаңбыр, көктайғақ; жел 15-28 м/с.

Жолдарда көктайғақ пен төменгі боранға байланысты сақтық қажет.