Бүгiн 2026, 02:34
Фото: BAQ.KZ архиві
Қар, жаңбыр мен найзағай: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» тұрғындарды ауа райына бейімделуге, таулы және қауіпті аймақтарда сақтық шараларын қабылдауға шақырады.
Қазақстанның 17 өңірі мен үш мегаполисіне бүгін, 9 сәуірде ауа райы туралы дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Күндіз батыс пен оңтүстікте, сонымен қатар Абай облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей өңірлерде тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с жетуі мүмкін, ал кей жерлерде өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және басқа облыстардың таулы аудандарында жаңбыр, қар жаууы және найзағай болуы ықтимал.
«Қазгидромет» тұрғындарды ауа райына бейімделуге, таулы және қауіпті аймақтарда сақтық шараларын қабылдауға шақырады.