Қар, жаңбыр, көктайғақ: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 2023 жылы 17 қарашада, жұма күні еліміздегі ауа райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман және қатты жел болу ықтималдылығы жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.

Антициклонның жүруіне байланысты тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, – делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, жалпы республикамыз бойынша тұман, қатты жел көрініс табатыны айтылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы