Қар, тұман, көктайғақ: Жұмаға арналған ауа райы болжамы

7 ақпанда еліміздің басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік антициклон ықпал етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, негізі ашық жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің солтүстігінде, орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты аздаған қар жаууы ықтимал. Республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстік батыста, орталықта жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, - делінген хабарламада.

Астанада күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы -12 -14°C, желдің жылдамдығы түнде 9-14, екпіні 15-18 м/с-ге жетуі мүмкін.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +1,+3°C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +13+15°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Еске салайық, бұған дейін 17 өңірде дауылды ескерту жарияланған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы