Қар-мұз патшалығы: Қытайда ең үлкен қысқы саябақ ашылды
Қытайдың Харбин қаласында әлемдегі ең үлкен қар-мұз саябағы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жэньминь жибао газетінің хабарлауынша, қар-мұз әлемі тақырыбы 2025 жылғы қысқы Азия ойындарына арналған.
Жалпы жоспарланған аумақ 1 миллион шаршы метр. Ал пайдаланылған қар-мұздың көлемі 300 000 текше метрге жетті. Бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш.
Саябақта тоғыз негізгі бөлімше аумақ бар. “Азия бірлікте” бас мұнарасы сынды бірқатар көрнекті ландшафт қар-мұз түрінде бейнеленген. Бұл Азия ойындары кеңесінің мүшесі болған 42 елдің және 3 аймақтың ерекшеліктерін көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2025 жылы декларацияны кімдер тапсыруға міндетті?
Өзгелердің жаңалығы