Қар мен жаңбыр: Қазақстанның екі өңірінде ауа райы күрт бұзылады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ауа райы күрт бұзылады. Болжам бойынша 9-11 қазан аралығында кей өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Шығыста және орталықта тұман, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, 2025 жылғы 9-11 қазан аралығында еліміздің көпшілік өңірінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Тек болжам мерзімінің соңында республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар еліміз бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Ал шығыста және орталық өңірлерде тұман түседі, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы мүмкін.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 8 қазанда Астана мен еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы