Қар, көктайғақ, тұман: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
Мамандар жүргізушілерге абай болуға, таулы аймақтарда су тасқыны мен беткейлік ағын қаупін ескеруге кеңес береді.
Бүгін, 13 ақпанда Алматы мен Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысы: таулы аудандарда қалың қар, тұман, көктайғақ. Жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с. 13-15 ақпанда беткейлік ағын мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін, су тасқыны қаупі бар.
Қарағанды, Ұлытау облыстары: тұман, жел 15 м/с.
Маңғыстау облысы: көктайғақ, тұман. Жел 15-20 м/с.
Қостанай, Ақтөбе облыстары: тұман, жел 15-20 м/с.
Түркістан облысы, Шымкент: жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Таулы аймақтарда қар, жел 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы: тұман, жел 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман.
Шығыс Қазақстан облысы: тұман, Өскеменде түнде және таңертең.
Абай облысы: тұман, жел 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман.
Қызылорда облысы: кейде тұман.
Ақмола облысы: қар, жел 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы: тұман, жел 15-20 м/с, Петропавлда 15-20 м/с.
Алматы облысы: таулы аудандарда қалың қар, көктайғақ, тұман, жел 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең көктайғақ, тұман.
Алматы қаласы: кейде көктайғақ, тұман.
Мамандар жүргізушілерге абай болуға, таулы аймақтарда су тасқыны мен беткейлік ағын қаупін ескеруге кеңес береді.