Қар, көктайғақ: 8 желтоқсанға арналған ауа райы

"Қазгидромет" 8 желтоқсанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады.

Республика аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болып, негізінен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Ел бойынша желдің күшеюі, тұман, ал солтүстікте, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында боран болжанып отыр.

7–9 желтоқсан аралығында Астанада, Алматыда және Шымкентте ауа райы күрт нашарлайды. Қар жауып, жаңбыр, боран, көктайғақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы