Қар, бұрқасын, көктайғақ: Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Еліміздің қалған аумағына антициклон жотасы әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында тұман күтіледі, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 25 м/с болады, облыстың оңтүстігінде - тұман, солтүстік–шығысында, солтүстігінде, батысында - жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Қостанай облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі, облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде жаяу бұрқасын соғады.
Атырау облысының батысында, шығыс және орталығында, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман болады.
Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдадығы 15-20 м/с жетеді.