Қар, бұрқасын: бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 21-ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Нақтырақ айтқанда, қар жауып, бұрқасындатады. Батыс және шығыс аудандарда және оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша көктайғақ болып, жел күшейеді, тұман түседі.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы