Қар, боран, тұман: Алматы мен 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 26 қаңтарда Алматы қаласында және Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірлерде қар, боран, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Желдің жылдамдығы кей аймақтарда 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Алматы қаласында, сондай-ақ Қонаев, Талдықорған, Қарағанды, Жезқазған, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Орал, Павлодар қалаларында түнгі және таңғы уақытта тұман мен көктайғақ болжанады.
Қолайсыз метеожағдайлар Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Абай, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарын қамтиды.
Мамандар тұрғындарды жолда мұқият болуға, алыс сапарларды шектеуге және ауа райы туралы ескертулерді ескеруге шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертең Ақтөбеде мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Өзгелердің жаңалығы